Сұрақтарға соңғы жауаптар

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен!

2018-08-29
Қазақстан Республикасының  Конституциясы күнімен!

Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды еліміздің айтулы мерекесі - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздің Ата Заңы – Қазақстанның гүлденуі мен тұрақтылығының негізі, қазақстандық әр азаматтың құқығының сақталуының кепілі.
Конституция егемендігіміздің кепілі ретінде бірлігімізді нығайтып, тұрақтылық пен үйлесімділіктің негізі, жасампаздық пен ұлы жеңістеріміздің символы болды. Әрине, еліміздің Ата Заңының бастамашысы және идеялық жағынан рухтандырушысы болып табылатын Елбасымызбен Конституция негізіне салынған мемлекетіміздің жалпы құндылықтары мен қызметінің басты қағидаттары осының маңызды шарты болғаны сөзсіз.
Бұл – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, халқымыздың игілігі жолына бағытталған экономикалық даму және қазақстандық патриотизм.
Бүгін біз осы Ата Заңымыздың арқасында ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойғы ұлы армандарын, олардың тәуелсіздік пен еркіндікке деген талпынысын іске асырып, осындай заманауи мемлекет құрдық деп мақтанышпен айта аламыз.

Құрметпен,

«Мемсараптама» РМК
Солтүстік өңірі бойынша филиалының ұжымы