Сұрақтарға соңғы жауаптар

«MikrotikCertifiedNetworkAssociate (MTCNA)» тақырыбындағы семинар

2018-09-29
«MikrotikCertifiedNetworkAssociate (MTCNA)» тақырыбындағы семинар

«Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің біліктілігін жыл сайын арттыру мақсатында 2018 жылдың 17-20 қыркүйегі аралығында Астана қаласында «MTCNA» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, оған «Мемсараптама» РМК-ның IT мамандары қатысты.
Оқу барысында келесі тақырыптар қарастырылды: коммутация (тізбектегі электр тоғының бағытын өзгерту), бағдарлау, сымсыз желілер, DHCP хаттамасы, желіаралық экран, өткізу қабілетін басқару, VPN хаттамалары мен туннельдері және т.б.
Семинар соңында курсты сәтті аяқтағандары туралы сертификаттар табысталды.
Емтиханды жақсы тапсырған «Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының қызметкерлері халықаралық MTCNA сертификатына ие болды.