Сұрақтарға соңғы жауаптар

Экологиялық кодекстегі өзгерістер мен толықтырулар бойынша Online кеңес

2018-09-03
Экологиялық  кодекстегі өзгерістер мен толықтырулар бойынша   Online кеңес

2018 жылдың 8 тамызында төмендегі өзгерістерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Петропавл қаласындағы «Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалында жергілікті атқарушы органдардың, тапсырыс берушілер мен жобалаушылардың қатысуымен бейнеконференц байланысы құралдары бойынша онлайн көрсетілім арқылы кезекті кеңес отырысы өткізілді.
2018 жылдың 8 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылдың 24 мамырындағы №156-VI ҚРЗ заңының күшіне енуіне байланысты, Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 09 қаңтарындағы Экологиялық Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, онда қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында I санаттағы шаруашылық қызметі құрылыс объектілеріне қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат бере отырып, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру белгіленді. Сондай-ақ, қоршаған орта саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат бере отырып, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру белгіленді.
Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Заңы күшіне енгеннен кейін, мемлекеттік экологиялық сараптама мен эмиссияға өтініштерді қабылдау Бірыңғай портал арқылы жүзеге асырылатын болады және 45 жұмыс күні аясында мемлекеттік сараптама да, экологтардың қорытындылары да, бұнымен қоса эмиссияға рұқсат да жүргізілетін болады. Осылайша, «бір терезе» қағидатының аясы кеңейеді.
Экологтар қандай артықшылықтарға ие болады: тапсырыс берушімен онлайн-хат алмасу, «Мемсараптама» РМК деректерін синхрондау және ескертулерді генерациялау, сондай-ақ тапсырыс берушілер үшін басымдықтар, бұл уақытты үнемдеу, ЖСҚ кері қайтарудың кемуі, теріс қорытындылар және бір уақытта құжаттар алу саны азаяды.