Сұрақтарға соңғы жауаптар

«Мемсараптама» РМК өзінің 30 жылдығын атап өтті

2018-08-28
«Мемсараптама» РМК өзінің 30 жылдығын атап өтті
«Мемсараптама» РМК өзінің 30 жылдығын атап өтті
«Мемсараптама» РМК өзінің 30 жылдығын атап өтті
«Мемсараптама» РМК өзінің 30 жылдығын атап өтті
«Мемсараптама» РМК өзінің 30 жылдығын атап өтті
«Мемсараптама» РМК өзінің 30 жылдығын атап өтті

Сәулетші-қала құрылысшысы тек замандастардың ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақтың да өмірі үшін ең жақсы жағдайлар жасайды.
Иван Жолтовский

Осыдан 30 жыл бұрын Қазақ КСР Министрлері Кеңесінің 1987 жылғы 26 тамыздағы № 400 қаулысын орындау үшін, ҚазКСР Мемлекеттік құрылыс комитеті төрағасының 1988 жылғы 8 тамыздағы № 45-ос бұйрығымен салалық және ведомстволық тиесілігіне қарамастан объектілердің құрылысы жобалары бойынша барлық сараптама функцияларын біріктірген ҚазКСР Мемлекеттік құрылыс комитеті жанындағы Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау бас басқармасы құрылды.
Тәуелсіздік алған егемен Қазақстанда «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» ел Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заң күшіне ие Жарлығының шығуына байланысты, Қазақстан Республикасы Құрылыс министрлігінің Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау бас басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 88 қаулысымен «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК) болып қайта құрылды.
«Мемсараптама» РМК 30 жыл ішінде сәулет және қала құрылысы үшін маңызды Ақ Орда, Алматы метрополитені, Бейбітшілік және Келісім сарайы, Бәйтерек монументі, «Хан Шатыр» СОО сияқты объектілерді қарады.
«Мемсараптама» РМК-нің 30 жылдығын және «Құрылысшылар күні» мерекесін атап өту қарсаңында 2018 жылғы 7 тамызда «Мемсараптама» РМК филиалдарының қатысуымен бейне-конференция форматында салтанатты жиын өтті, жиын барысында «Мемсараптама» РМК бас директоры Т.Ж. Қарағойшин құрылыс саласындағы ардагерлерге және көзге ерекше түскен жұмыскерлерге «Құрметті жолшы», «Даңқты құрылысшы» төсбелгілерін, «Еңбек ардагері» медалін, «Мемсараптама» РМК 30 жыл» мерейтойлық медалін, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын, «Мемсараптама» РМК құрмет грамоталарын, Құрылысшылар қауымдастығының құрмет грамоталарын, Құрылыс кешені және ТКШ жұмыскерлері кәсіподағының ОК құрмет грамоталарын, Құрылыс кешені және ТКШ жұмыскерлері кәсіподағының ОК астаналық филиалының алғыс хаттарын, «НұрОтан» партиясының Астана қаласы Есіл аудандық филиалынан алғыс хаттарды табыс етті.
2018 жылғы 9 тамызда «Құрылысшылар күні» кәсіби мерекесіне, «Мемсараптама» РМК-нің 30 жылдығына арналған ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің салтанатты жиналысы барысында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Скляр Роман Васильевич «Мемсараптама» РМК әдістеме басқармасы жобалар сараптамасын әдістемелік сүйемелдеу және сапа бөлімінің бастығы Е. Рихтерге «Құрметті құрылысшы», «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалы өндірістік бөлімінің сарапшысы Е. Кузьминаға «Құрметті сәулетші» төсбелгілерін табыс етті.