Сұрақтарға соңғы жауаптар

«Мемсараптама» РМК ҚЖК» қоғамдық бірлестігінің 2017 жылы атқарылған жұмысының қорытындылары бойынша конференция

2018-05-19
«Мемсараптама» РМК ҚЖК» қоғамдық бірлестігінің  2017 жылы атқарылған жұмысының қорытындылары бойынша конференция

2018 жылғы 17 мамырда кәсіподақ ұйымының 2017 жылғы жұмысының қорытындылары бойынша кезектен тыс жиналыс өткізілді.
Жиналыс төрағасы Н.П.Тихонюктің кіріспе сөзінен кейін кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.С.Шаймерденова баяндамасын оқыды.
Бұдан кейінгі сөз кезегі тізім бойынша филиалдардың кәсіподақтарынан келген делегаттарға берілді. Жиналыс барысында толық түсіндірме жазбасы бар ұжымдық мерекелік іс-шаралар мен слайдтары бар көптеген фото есептер назарға ұсынылды.
Бұдан соң кәсіподақ төрайымы жиналыстың қорытындыларын шығарып, тұжырымды сөздерімен конференцияны аяқтады.
Түскі астан кейін қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жұмысқа қатысты сәттерді талқылады.
Кешкі астан кейін қатысушылар мәдени іс-шараларға қатысты.