Сұрақтарға соңғы жауаптар

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ХҚЕС және Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбындағы семинарға қатысу

2017-11-27
«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ХҚЕС және Қазақстан  Республикасының  салық заңнамасындағы өзгерістер»  тақырыбындағы семинарға қатысу

«Мемсараптама» РМК қызметкерлерін кәсіби оқытудың 2017 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында 2017 жылдың 28-29 қарашасы аралығында Астана қаласында «2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ХҚЕС және Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбында семинар өткізіліп, оған «Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының директоры Т.К.Омарбеков, филиалдың бас бухгалтері Н.В.Дворак қатысты.
Семинар барысында Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарындағы (бухгалтерлік есеп, кірістер мен шығындар туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, қордағы өзгерістер туралы есеп, Даму жоспары, Даму жоспарын орындау туралы есеп) және Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы (жаңа Салық Кодексі жобасының ережелері, квазимемлекеттік сектор субъектілерін тексеру барысында айқындалатын бұзушылықтарды шолу) 2018 жылдың 1 қаңтарына бастап енгізілетін өзгерістерге қатысты мәселелер қарастырылды.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.