Сұрақтарға соңғы жауаптар

Ақпан айында "Мемсараптама" РМК -нің құқықтық, кадрлық мәселелер және мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметкерлеріне арналған семинарлар өткізілді.

2019-03-01

2019 жылғы 13 ақпаннан 15 ақпанға дейін «Мемсараптама» РМК-нің құқықтық, кадрлар мәселелер және мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасының заңнамаларындағы өзгерістерге шолу», «2019 жылғы өзгерістерді ескере отырып, электронды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру» тақырыбында семинарлар ұйымдастырылып, оған филиалдың заңгері Қ.Қ.Кудерин, сондай-ақ кадрлар жұмысы жөніндегі бас маман И.П.Баязитова қатысты.
Семинардың бірінші күні «Электрондық мемлекеттік сатып алулар: өзгерістер мен толықтыруларға толық шолу» тақырыбына арналып, оның барысында «Банкроттық туралы» ҚР заңының негізін қалаушы қағидаттары мен ережелері және кәсіпорынның цифрлық активтері талқыланды.
2019 жылғы 14 ақпанда «2019 жылғы өзгерістерді ескере отырып, электронды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру» тақырыбындағы семинар өткізілді. Семинар бағдарламасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы өзекті өзгерістер, сатып алуға қатысушылардың әкімшілік жауапкершілігін күшейту, ҚР ӘҚБтК 207 бабындағы өзгерістер, сатып алулар, ұйым басшысы мен маманның жұмысын тиімді және дұрыс жоспарлау үшін қажетті білімге (жоспарға өзгерістер енгізу үшін қосымша негіздемелер, мемлекеттік сатып алулардың нормалауларын қолдану және т.б.) қатысты толық шолудан тұрды.
Семинардың соңғы күні «Еңбек заңнамасындағы 2019 жылғы соңғы өзгерістерді есепке алумен кадрлық іс қағаздарын жүргізу» тақырыбына арналды. Семинарда келесі тақырыптар қарастырылды: ҚР Еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер, еңбек шартының мазмұны, еңбек кітапшаларын толтыру, сақтау, тіркеу бойынша өзгерістер, қызметкердің жеке ісі, оның құрамы, ұйымдағы әскери міндеттілермен жұмыс және т.б.
Семинар соңында қатысушыларға курстарды сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.