Сұрақтарға соңғы жауаптар

«Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалында 2019 жылғы 5 мамырда «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс өткізілді.

2019-05-18

Ұжым алдында «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Венера Батырқызы Есілбаева сөз сөйледі. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемасының өзектілігі, ең алдымен, оның қоғамдық қауіптілігінің өте жоғары дәрежесімен байланысты екенін, өйткені сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық бағытындағы қылмыстарды жасау нәтижесінде мемлекеттік және жергілікті билік органдарының қызметі бұзылып, көпшілік билігінің беделіне нұқсан келтірілетінін, көбінесе елеулі материалдық залал келтіріліп, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіріліп отырғанын айтты.
Сонымен қатар, Венера Батырқызы сыбайлас жемқорлық көріністеріне немқұрайлы қараудың қоғамдық мәселе болып табылатынын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар көбінесе жүйесіз, нәтижесіз, үстіртін қаралатын жұмыс ретінде қабылданады. Мұндай қарым-қатынас, қоғамда қалыптасқан сенімсіздік пен қалыптасқан көзқарастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-қимылды едәуір әлсіретеді. Өйткені азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әрекеті қалыптаспаған болса, қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.
Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру мен тәрбиелеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі партия бағдарламасында тиімді шаралардың бірі ретінде айқындалған.
Филиал директоры Талант Кенжебекұлы Омарбеков іс-шараны қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны түсіндіру аясындағы шаралардың, дәрістің маңыздылығын атап өтті.